ҚР, Шалқар қ, Маншук Мамедова к., 24.
8 (71335) 2-14-48, 2-42-97
salauat1@rambler.ru

Жас Ұлан

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі(бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.

1.2. «Жас Ұлан» — өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

1.3. «Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады. 

1.4. «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

2011 жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» ХДП XIII Съезінде Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін            «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.

2.1. «Жас Ұланның»  мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

2.2.«Жас Ұланның»  міндеттері:

-Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

-балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;  

-танымдық жұмыстарды ынталандыру;

-балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

-жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

3.1. «Жас Ұлан»  балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады.

3.2. Ту – бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет. Ту — тік төртбұрышты 200×100 см өлшемдегі ақ түсті ортасында ұйым белгісі бейнеленген кездеме. Ұйым белгісі және атауы кестелік тігіспен, бояумен немесе матамен аппликациялау арқылы жазады. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген.

Ту ағаш сабына сүңгі арқылы бекітіледі. Сүңгі ұлттық өрнек нақышында жасалынады. Тудың ағаш сабының ұзындығы металл (пластмасса) сүңгінің ұзындығымен қоса 2 м 20 см биіктікті құрайды. Оған алтын түстес шашақты бау байланады.

Ту салтанатты рәсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде шығарылады. Ол арнайы ағаш тіреуде қаптаулы түрде сақталады немесе бөлменің отрасында Ұйымның салттық қабырғасында әйнекте тұрады.

Ерекше жағдайларда туға мәртебелі қарауыл қойылады, ол ту ұстаушы мен екі атқосшыдан тұрады. Қарауыл кезегі әр 10-15 минут сайын ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып апарады. Ту ұстаушылардың киімі ұйымның ерекше белгілеріне сәйкес келеді. Міндетті түрдегі рәміздер: ленталар (аксельбанты), бас киім, ақ қолғап болып табылады. Лента мен бас киімнің түсі бірдей – көгілдір.

3.3. Галстук – бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсі – аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40×130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан.  «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған.

3.4. Ұран – ұйымның ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді.

3.5. «Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, барабан, айырмашылық белгілері (шеврондар) сияқты белгілі заттар мен белгілер саналады.

4.1. «Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады:

-тәрбиелік;

-танымдық;

-коммуникативтік;

-әлеуметтік;

-ақпараттық;

-шығармашылық

4.2. «Жас Ұлан» қызметінің қағидалары:

-азаматтық сана-сезім және жалпы адам и  құндылықтардың басымдылығы;

-еріктілік және қол жетімділік;

-ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;

-ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер  мен балалардың бірлігі;

-қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты

5.1. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:

-«Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу; 

-«Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау; 

-«Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»);

-«Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;

-Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға;

 5.2. «Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:

— Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;

-«Жас Ұлан» ережесін және  басқару органдарының шешімін орындау;

-«Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;

-оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу; 

-салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;

-үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.