ҚР, Шалқар қ, Маншук Мамедова к., 24.
8 (71335) 2-14-48, 2-42-97
salauat1@rambler.ru

Психолог кабинеті

Мектепте екі педагог-психолог жұмыс жасайды. Психология  кабинеті мектептің  IІ қабатында орналасуы мұғалімдерге, оқушыларға, әсіресе ата-аналарға өте қолайлы.  Кабинет ең қолайлы, тыныш жерде орналасқан, бөлме іші жарық, әрі жылы. Психолог кабинеті оқушылармен, мұғалімдермен, ата – аналармен  кеңес беру, әңгімелесу, диагностикалық, түзету бағыттарын қамтитын  жеке психологиялық жұмыстарды және психологтің өздігінен жұмыс жүргізуіне қолданылады. Сонымен қатар, психотерапиялық  аймақтың  орналасуы жұмыстың нәтижелігіне оң ықпал етеді.

Кабинеттің ашық түсті болуы, келушілердің эмоционалды күйіне жағымды әсер етеді.

Кабинет жиһазы және құрал-жабдықтары әрбір аймақтың жұмыс бағытына сәйкестендіріліп, ыңғайлы қойылған. Арттерапиялық көріністері бейнеленген картина, бөлмеге лайықты өсірілген гүлдер, кілем психолог жұмысы барысында адам сезіміне жылы, жағымды әсер береді. Психолог кабинетінің компьютермен қамтамасыз етілуі құжаттардың электронды нұсқасының болуына және электронды диагностикалық әдістемелер мен тесттерді жекеше жүргізуге өте ыңғайлы.

Құжаттарды, әдістемелік материалдарды, құралдарды сақтауға арналған шкаф сөрелерлерінде келушілердің диагностикалық жұмыс нәтижелері сақталған папка, психодиагностика, психопрофилактика, психокоррекция, кеңес беру журналдары, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттер қойылған. Сонымен қатар, кіші мектеп жасындағы балаларға арналған дамытушылық бағытта қолданылатын құм терапиясы  орналастырылған.